Басты бет
·
Футбол

Қазақстандық төрешілер Еуропа чемпионатының іріктеу матчтарына тағайындалды

Али Асетов··
ҚФФ

ҚФФ

Қазақстандық төрешілер Болат Сәриев пен Алексей Долгих, сондай-ақ Қазақстан футбол федерациясының Төрешілік департаментінің директоры Нуну Каштру УЕФА тарапынан жасөспірімдер арасындағы Еуропа чемпионатының іріктеу ойындарына тағайындалды.

11–17 қараша аралығында өтетін U-19 және U-17 құрамаларының матчтарында қазақстандық мамандар жұмыс істейді.

Болат Сәриев екі кездесуде бас төреші қызметін атқарса, тағы бір ойында төртінші төреші болады. Ал Алексей Долгих үш матчта да төрешінің көмекшісі қызметін атқарады.

Данияда өтетін U-17 Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде ҚФФ Төрешілік департаментінің директоры Нуну Каштру жұмыс істейді. Португалиялық маман Дания, Ирландия, Уэльс және Эстония құрамалары қатысатын үш кездесуде төрешілер инспекторы болады.

Айта кетейік, бұл мамандардың қараша айындағы алғашқы халықаралық тағайындаулары емес.

3 қарашада Болат Сәриев УЕФА Жастар лигасы аясында өткен Тель-Авивтің «Маккабиі» мен швейцариялық «Цюрих» арасындағы матчқа төрелік етті.

Ал 4 қарашада Нуну Каштру Чехияда өткен «Градец-Кралове» – «Партизани» кездесуінде төрешілер инспекторы қызметін атқарды.