Басты бет
·
Бокс

Қазақстандық төрт боксшы әлемдік рейтингте көш бастады

Каирбек Тулегенов ··
Фото: Нургали Жумагазы

Фото: Нургали Жумагазы

World Boxing халықаралық федерациясы қараша айындағы ерлер мен әйелдер арасындағы жаңартылған әлемдік рейтингті жариялады. Қазақстандық төрт боксшы өз салмақ дәрежелерінде бірінші орынға жайғасты.

Ерлер арасында Санжар Тәшкенбай (50 келі), Төрехан Сабырхан (70 келі) және Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) әлемдік рейтингтің көшін бастап тұр.

Ал әйелдер арасында Наталья Богданова 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бірінші орынға орналасты.

Сонымен қатар төрт қазақстандық боксшы рейтингте екінші орынға тұрақтады. Олар – Махмұд Сабырхан (55 келі), Назым Қызайбай (48 келі), Алуа Балқыбекова (51 келі) және Аида Әбікеева (65 келі).

Азия ойындарының қола жүлдегері Алуа Балқыбекова бір саты жоғарылап, екінші орынға көтерілді. Ал Махмұд Сабырхан 55 келіде көшбасшылықты жапониялық Руи Ямагучиге беріп, екінші орынға түсті.

Бұдан бөлек, Дина Исламбекова (80 келіден жоғары) мен Нұрбек Оралбай (85 келі) өз салмақ дәрежелерінде үздік үштікті түйіндеп тұр.

Еске салайық, биыл қыркүйек-қазан айларында Жапонияда өткен XX жазғы Азия ойындарында Қазақстанның бокс құрамасы екі алтын және үш қола медаль жеңіп алған болатын.