Қазақстандық велошабандоздар Германиядағы турнирде екі жүлде жеңіп алды
Бөлісу

Фото: kcfkz
Қазақстанның тректегі велоспорт құрамасының өрендері Германияның Людвигсхафен қаласында өткен UCI Bahnen-Tournee халықаралық додасында екі медаль жеңіп алды.
Қазақстандық велошабандоздар омниум дисциплинасында жүлдегерлер қатарына енді. Омниум төрт түрлі жарыстан тұрады, мұндағы әрбір сайыс жылдамдықты, тактиканы және төзімділікті талап етеді.
Илья Карабутов турнирдің күміс жүлдегері атанса, Максим Хорошавин жарысты қола медальмен аяқтады.
Жарыстың жеңімпазы Германия өкілі Мориц Аугенштайн болды.