Қазақстандық жеңіл атлет Кипрдегі турнирге қатысады

Бегасыл Амирбай ··
Фото: ҚР ҰОК

Фото: ҚР ҰОК

Қазақстан құрамасының жеңіл атлеті Елизавета Матвеева EKO Cyprus International Athletics Meeting турнирінде өнер көрсетеді.

Қазақстандық спортшы әйелдер арасындағы биіктікке секіру жарысына қатысады. Турнир Кипрдің Лимасол қаласында өтеді.

Бұған дейін Елизавета Матвеева Қытайда өткен секіру дисциплиналары бойынша алғашқы Азия чемпионатында қола жүлдегер атанған еді.

Қазақстандық жеңіл атлет Кипрдегі турнирге қатысады – sport-hub