Қазақстандықтар Таиландтағы ірі турнирде жоғары нәтиже көрсетуде

Ульяна Калиаскар··
Қазақстандықтар Таиландтағы ірі турнирде жоғары нәтиже көрсетуде

Қазақстандық спортшылар Таиландта өтіп жатқан FIP Bronze халықаралық турнирінде жеңісті жолын жалғастыруда, деп хабарлайды Sporthub.kz.

1/8 финал аясында Родион Пак пен Жәнібек Үмбетовтен құралған қазақстандық жұп жарыстың ең мықты дуэттерінің бірі — аргентиналық Мауро Бертона мен испаниялық Эстебан Серраноны сенімді түрде жеңді. Матч 6:3, 6:1 есебімен аяқталды.

Турнирдің ширек финалистері кейінірек анықталады.

Айта кетейік, FIP Bronze турнирі Халықаралық падел федерациясының (FIP) қолдауымен өтетін FIP Tour халықаралық сериясының құрамына кіреді және осы спорт түрі бойынша әлемдік кәсіби турдың бір бөлігі саналады.