Қазақстандықтардың US Open-2026 турниріндегі алғашқы қарсыластары анықталды

Али Асетов··
Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

Нью-Йоркте 2026 жылғы АҚШ ашық чемпионатының негізгі кезеңіне жеребе тартылды.

Турнир 30 тамыз бен 13 қыркүйек аралығында өтеді. Қазақстан атынан жекелей сында төрт теннисші өнер көрсетеді.

WTA рейтингінде екінші орында тұрған Елена Рыбакина турнирдегі алғашқы кездесуін америкалық Тея Фродинге қарсы өткізеді. 17 жастағы америкалық теннисші әзірге әлемдік рейтингтің үздік жүздігіне кірмейді және 580-орында тұр.

Юлия Путинцеваны бірінші айналымда әлдеқайда күрделі сынақ күтіп тұр. Оның қарсыласы – Олимпиада чемпионы әрі әлемнің 12-ракеткасы швейцариялық Белинда Бенчич. US Open турнирінде Бенчич 12-ші нөмірлі теннисші ретінде белгіленсе, Путинцева WTA рейтингінде 80-орында тұр.

Александр Бублик алғашқы матчында америкалық Джеффри Вулфпен кездеседі. Оның қарсыласы ATP рейтингінде 248-орында орналасқан.

Қазақстанның тағы бір өкілі Александр Шевченко жарыстағы алғашқы кездесуін хорватиялық Дино Прижмичке қарсы өткізеді. Хорватиялық теннисші ATP әлемдік рейтингінде 101-орында тұр.

Еске салайық, былтыр US Open турнирінің жекелей сындағы чемпиондық атағын Арина Соболенко мен Карлос Алькарас жеңіп алған болатын.