Қазақстанның әйелдер құрамасы Азия чемпионатында қола жүлде жеңіп алды

Бекарыс Әлімхан··
ҚР ҰОК

ҚР ҰОК

Қазақстанның әйелдер құрамасы (шпага) Азия чемпионатында қола медаль иеленді. Үшінші орын үшін өткен кездесуде қазақстандықтар Сингапур құрамасын жеңді.

Ирина Бакалдинова, Владислава Андреева және София Николайчук құрамындағы әйелдер командасы Сингапур құрамасына қарсы шықты. Кездесу қорытындысы бойынша қазақстандықтар 42:39 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, құрама турнирді қола жүлдемен аяқтады.

Еске салайық, бұған дейін осы Азия чемпионатында Ирина Бакалдинова алтын медаль жеңіп алған еді. Сонымен қатар, Руслан Курбанов ерлер арасындағы шпагадан қола жүлдегер атанды, ал ерлердің қылыш (сабля) құрамасы да қола медаль иеленді. Бұдан бөлек, Қазақстанның ерлер құрамасы (шпага) турнирдің алтын жүлдесін жеңіп алды.

Фехтование бойынша Азия чемпионаты 19–24 маусым аралығында Нью-Делиде өтті.