Қазақстанның U19 қыздар құрамасы су добынан Азия чемпионатында Жапониядан жеңілді
Бөлісу

Фото: waterpolo.kz
Қазақстанның 19 жасқа дейінгі қыздар құрамасы Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан су добынан Азия чемпионатындағы алғашқы матчында жеңіліс тапты.
Бірінші турда қазақстандық спортшылар Жапония құрамасымен кездесті. Ойын 19:8 есебімен жапондық команданың пайдасына аяқталды. Екінші турда Қазақстан құрамасы Таиланд командасына қарсы ойнайды.
Азия чемпионатына жеті құрама қатысуда. Жеңімпаз бен жүлдегерлер айналмалы жүйе бойынша анықталады. Турнирде медальдармен қатар 2027 жылғы әлем чемпионатына жолдамалар да сарапқа салынады.
Айта кетейік, су добынан 12-ші Азия чемпионаты 16–24 шілде аралығында Бангкокта өтуде.