Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы Әзербайжанға қарсы матчтарға құрамын жариялады

Темирлан Мажекенов ··
Фото: ҚФФ ресми сайты

Фото: ҚФФ ресми сайты

Қазақстанның 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы маусым айында Әзербайжан құрамасына қарсы екі рет жолдастық матч өткізеді.

ҚФФ баспасөз қызметінің хабарлауынша, ойындар алдындағы оқу-жаттығу жиыны 2 маусымда Талғардағы ұлттық құрамалар базасында басталады. Екі кездесу де Габала қаласында өтеді. Алғашқы жолдастық матч 6 маусымға жоспарланған. Ал екінші кездесу 9 маусым күні өтеді.

Құрама тізіміне 29 футболшы енді:

Қақпашылар: Абай Заманбек, Мирдиер Мирахматов (екеуі де — ҚФФ академиясы), Матвей Ковальчук («Қайрат»), Байжан Асхат («Шахтёр»).

Қорғаушылар: Ислам Рашидов, Әлихан Абди, Ильдар Датхабаев, Георгий Гречка (барлығы — «Қайрат»), Михаил Турищев, Данияр Қаси, Никита Лисохмар (барлығы — ҚФФ академиясы), Абылай Тоқтасын («Шахтёр»), Джамиль Калмаханбек («Ордабасы»).

Жартылай қорғаушылар: Әли Садырбаев, Тимур Казанцев (екеуі де — «Шахтёр»), Әлихан Ахилбаев, Нұрәли Салимов, Әлижан Зару, Нұрхад Нұрымов, Темірлан Әбжапар (барлығы — «Қайрат»), Асхат Дутпаев, Сұлтан Дауренов (екеуі де — ҚФФ академиясы), Рахман Аман («Ордабасы»), Салим Хасанов («Вильярреал», Испания).

Шабуылшылар: Роман Черноморец, Тамерлан Сарсымбаев (екеуі де — «Қайрат»), Ануар Төленді, Бекасыл Қанат (екеуі де — ҚФФ академиясы), Алмат Сапархан («Ордабасы»).

Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы Әзербайжанға қарсы матчтарға құрамын жариялады – sport-hub