Басты бет
·
Бокс

Қазақстанның жеті боксшысы әлем чемпионатының ширек финалына шықты

Бекарыс Әлімхан··
ҚР ҰОК

ҚР ҰОК

Қазақстанның жеті боксшысы Черногорияның Будва қаласында өтіп жатқан 19 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы 2026 жылғы әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алды.

1/8 финалдағы жекпе-жектердің қорытындысы бойынша жарысты жалғастыратын қазақстандықтар:

- Әділ Асканбай (50 келіге дейін);

- Айдос Үсенов (55 келіге дейін);

- Данияр Ақбисенов (60 келіге дейін);

- Ақжүрек Қалабай (65 келіге дейін);

- Бибарыс Аширбай (70 келіге дейін);

- Еркетан Жарқынбек (90 келіге дейін);

- Владислав Саможонов (90 келіден жоғары).

Ширек финалда Әділ Асканбай шотландиялық Аарон Сарвармен, Айдос Үсенов ресейлік Ислам Магомедовпен, Данияр Ақбисенов мексикалық Хосе Сепедамен кездеседі. Ақжүрек Қалабайдың қарсыласы — ирландиялық Джейсон Махер, ал Бибарыс Аширбай америкалық Асанте Ламармен жұдырықтасады. Еркетан Жарқынбек пен Владислав Саможонов Германия өкілдеріне қарсы шығады.

Айта кетейік, әлем чемпионаты 16-27 қазан аралығында өтеді. Жартылай финалдық жекпе-жектер 25 қазанға, ал финалдар 27 қазанға жоспарланған.

Қазақстанның жеті боксшысы әлем чемпионатының ширек финалына шықты – sport-hub