ҚФФ Байсуфиновтың болашағына қатысты мәлімдеме жасады

ҚФФ
Қазақстан футбол федерациясы ұлттық құраманың бас бапкері Талғат Байсуфинов қызметінен кетуі мүмкін деген ақпарат тарағаннан кейін ресми мәлімдеме жасады.
ҚФФ бұл ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін атап өтті:
«БАҚ-та Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Талғат Маруанұлы Байсуфиновтың қызметінен босатылуы мүмкін деген ақпараттың таралуына байланысты Қазақстан футбол федерациясы бұл мәліметтің шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдейді. ҚФФ Талғат Маруанұлы Байсуфиновке толық қолдау көрсетеді және оның кәсіби қызметін, ұлттық құраманың дамуына қосқан үлесін, сондай-ақ алдағы матчтар мен турнирлерге дайындық барысындағы жұмысын жоғары бағалайды», – делінген федерация мәлімдемесінде.
Еске сала кетейік, 6 маусым күні Қазақстан құрамасы жолдастық кездесуде Армениямен 1:1 есебімен тең түскен еді. Келесі матч 9 маусымда Дебрецен қаласында Венгрия құрамасына қарсы өтеді. Кездесу Қазақстан уақыты бойынша 22:00-де басталады.