Басты бет
·
Футбол

Қуат Хамитов Фарер аралдарымен өткен матчтан кейін Қазақстанда футболды жабуды ұсынды

Бекарыс Әлімхан··
Жеке мұрағаттан

Жеке мұрағаттан

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов Қазақстан құрамасының УЕФА Ұлттар лигасындағы нәтижесіне қатысты пікір білдірді.

Хамитов Қазақстан құрамасы Фарер аралдарына қарсы ойында екінші голды өткізіп алғаннан кейін пікір білдірді. 63-минутта Геза Тури қонақтардың есепті 2:0-ге жеткізді.

«Елімізде ең жоғары жалақы алып, елді осылай масқаралауға болатынын білмеппін. Мен спортта алаңда жай ғана жүргені үшін емес, нәтиже көрсеткені үшін ақша төленеді деп ойлайтынмын. Иә, мен тірі кезімде футболды жауып тастаңыздаршы. Сонда жаным тыныш болып өлер едім», – деп жазды Хамитов.

Еске салайық, Қазақстан құрамасы кейін есепті теңестірді. 68-минутта Сергей Малый есеп айырмасын қысқартса, араға сегіз минут салып Нұралы Әліп есепті теңестірді. Екі команда да матчты бір ойыншы кем құраммен аяқтады.

Ұлттар лигасының төрт турынан кейін Қазақстан құрамасы әлі жеңіске жеткен жоқ. Команда Фарер аралдарымен екі рет тең ойнады (1:1, 2:2), сондай-ақ Словакиядан (1:2) және Молдовадан (1:2) жеңілді.

Қазақстан құрамасы турнирдегі келесі матчын 13 қарашада сырт алаңда Молдоваға қарсы өткізеді.

Қуат Хамитов Фарер аралдарымен өткен матчтан кейін Қазақстанда футболды жабуды ұсынды – sport-hub