«Құлагер» Орынбор облысы губернаторы кубогында үшінші орын алды

Айбар Рысдаулет ··
Фото: Құлагер ХК

Фото: Құлагер ХК

Ресейдің Орск қаласында өтіп жатқан Орынбор облысы губернаторының кубогында «Құлагер» жүлдегер атанып, ал «Ақтөбе» сәтсіз өнер көрсетті.

Петропавлдық команда турнир қорытындысы бойынша үшінші орын алды. «Құлагер» жалғыз жеңісін «Ақтөбемен» болған ойында тіркеп, 4:1 есебімен басым түсті. Ал ресейлік клубтарға қарсы матчтарда олар «Южный Уралдан» 1:5, АКМ-нан 1:6 есебімен ұтылып қалды.

Ал «Ақтөбе» бұл турнирді өте сәтсіз өткізді – команда барлық ойында жеңіліп, бірде-бір ұпай жинай алмады. ЖХЛ клубтарына қарсы екі кездесуде бар болғаны бір шайба соғып, өз қақпасына 14 шайба өткізіп алды.

Турнир жеңімпазы 9 тамыз күні АКМ мен «Южный Урал» арасындағы матчта анықталады.

«Құлагер» жүлде алды, «Ақтөбе» турнирде сәтсіз ойнады – sport-hub