Құламбаева Гамбургтегі турнирдің жартылай финалына шықты

Аружан Талгат··
ҚТФ

ҚТФ

Жібек Құламбаева Германияның Гамбург қаласында өтіп жатқан WTA 250 турнирінің жұптық сынында жартылай финалға шыққан төрт қатысушының бірі атанды.

Қазақстандық теннисші келесі кезеңге латвиялық Дарья Семенистаямен бірге жұптасып өтті. Олардың қарсыластары жарыстың екінші нөмірлі жұбы чехиялық Есика Малечкова мен Мириам Шкох болды.

Кездесудің тағдырын екі сеттегі шешуші сәттер анықтады. Ең маңызды мезеттерде Құламбаева мен Семенистая қарсыластарынан дәлірек ойнап, матчты өз пайдасына аяқтады – 6:4, 7:5. Ойын 1 сағат 33 минутқа созылды.

Енді қазақстандық-латвиялық жұп финалға шығу үшін тағы бір қадам жасауы керек. Жартылай финалда олар словениялық Далила Якупович пен Ника Радишич жұбына қарсы ойнайды.

Құламбаева Гамбургтегі турнирдің жартылай финалына шықты – sport-hub