Қырғызстан Қазақстанның көкпардағы чемпиондық сериясын үзді

Фото: Байбори Кудайберген
Қазақстан құрамасы VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы көкпар турнирінің финалында Қырғызстанға есе жіберді. Шешуші кездесу 7:2 есебімен қырғызстандықтардың пайдасына аяқталды.
Қырғызстан құрамасы ойынның алғашқы минуттарынан бастап тізгінді өз қолына алып, кездесу барысында айқын басымдыққа ие болды. Қазақстандық шабандоздар екі рет есеп айырмасын қысқартқанымен, ойын барысын өзгертіп, таразы басын теңестіре алмады.
Осылайша, Қырғызстан алтын медальға ие болса, Қазақстан құрамасы күміс жүлдені қанағат тұтты.
Бұл Қазақстан мен Қырғызстан құрамаларының Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы қатарынан үшінші финалы болды. Бұған дейінгі екі шешуші кездесуде де қазақстандықтар жеңіске жеткен еді: 2022 жылы – 4:3, 2024 жылы – 5:4.
Осылайша, Қырғызстан көкпардан финалда Қазақстаннан алғаш рет басым түсіп, қазақстандық құраманың чемпиондық сериясын тоқтатты.