Қызыл қағаз Англияға кедергі болмады: Мексика жеңіліп, ағылшындар ширек финалға шықты

Бегасыл Амирбай ··
Фото: ФИФА

Фото: ФИФА

Англия құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/8 финалында Мексиканы 3:2 есебімен жеңді.

2026 жылғы әлем чемпионаты. 1/8 финал

Мексика – Англия – 2:3

Голдар: Киньонес 42, Хименес 69 – Беллингем 36, 38, Кейн 60

Алаңнан қуылу: Кванса 54

Матч Мексиканың Мехико қаласындағы «Ацтека» стадионында өтті. Есеп 36-минутта ашылды: Джуд Беллингем Букайо Саканың пасынан кейін допты қақпаның сол жақ бұрышына дәл бағыттады. Екі минуттан соң Харри Кейн нәтижелі пас беріп, Беллингем Англия құрамасының басымдығын арттырды. 42-минутта мексикалық шабуылшы Хулиан Киньонес айып алаңының ішінен соққы жасап, есеп айырмасын қысқартты.

54-минутта VAR қаралғаннан кейін қорғаушы Джарелл Кванса қызыл қағаз алып, англиялықтар он ойыншымен қалды. 60-минутта Харри Кейн пенальтиді сәтті орындады. 69-минутта Рауль Хименес есеп айырмасын азайтты, алайда бұл гол мексикалықтарды жеңілістен құтқара алмады.

Еске салайық, топтық кезеңде Англия мен Мексика өз топтарында бірінші орын алған. 1/16 финалда англиялықтар ДР Конгоны (2:1) жеңсе, мексикалықтар Эквадорды (2:0) ұтты.

2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр және 19 шілдеде аяқталады.

Қызыл қағаз Англияға кедергі болмады: Мексика жеңіліп, ағылшындар ширек финалға шықты – sport-hub