«Қызыл сойқандардың» Мәскеудегі жеңісі, Аршавиннің «Қайраттағы» голдары: спорт тарихындағы 21-мамыр

Ульяна Калиаскар··
«Қызыл сойқандардың» Мәскеудегі жеңісі, Аршавиннің «Қайраттағы» голдары: спорт тарихындағы 21-мамыр

21-мамыр спорт тарихында Денис Лебедев пен Мұхаммед Әлидің жарқын жеңістерімен, сондай-ақ маңызды футбол триумфтарымен байланысты.

ФИФА-ның құрылған күні

1904 жыл — дәл осы күні әлемдегі ең ірі қоғамдық ұйымдардың бірі ФИФА құрылды. Ал ұйымның штаб-пәтері Цюрихте орналасқан.

Ауыр салмақтағы әйгілі жекпе-жек

1966 жыл — аңызға айналған боксшы Мұхаммед Әли (Кассиус Клей) - Генри Куперге қарсы реванш өткізді. Жекпе-жекті 46 мыңға жуық көрермен «Хайберри» футбол стадионында тамашалады. Куперге қарсы сол кезде Кассиус Клей есімімен танылған Әлидің арасындағы алғашқы айқас бесінші раундта аяқталған еді. Әли қарсыласының сол жақ бетінің сау тамтығын қалдырмады. Реванштық кездесу де көпшілікті таңғалдыра қоймады — Купердің жарақаты ашылып кетіп, жекпе-жек алтыншы раундтың ортасында тоқтатылды.

Видео:

Мәскеудегі футбол мерекесі

2008 жыл — Мәскеудегі «Лужники» аренасында Чемпиондар лигасының финалы өтті. Алаңда «Манчестер Юнайтед» пен Лондондық «Челси» кездесті. Бұл матч тарихқа Чемпиондар лигасы финалындағы алғашқы ағылшын дербиі ретінде енді. Сондай-ақ бұл бір елдің клубтары финалда кездескен үшінші жағдай атанды (2000 және 2003 жылдардан кейін). Матчтан кейінгі пенальти сериясында «Манчестер Юнайтед» 6:5 есебімен жеңіске жетіп, саңырау құлақ трофейді үшінші рет төбесіне көтерді. Ал «Челси» үшін бұл клуб тарихындағы алғашқы финал еді.

Бокс тарихындағы ең ұзақ жекпе-жек

1891 жыл — аустралиялық Питер Джексон мен болашақ ауыр салмақтағы әлем чемпионы Джим Корбетт («Джентльмен Джим» лақап атымен танымал) Сан-Францискодағы California Athletic Club аренасында 61 раундқа созылған жекпе-жек өткізді. Кездесу түбінде тең аяқталды.

«Шалькенің» алғашқы еурокубогы

1997 жыл — Германияның ең атақты клубтарының бірі «Шальке» пенальти сериясында миландық «Интерді» жеңіп, УЕФА кубогын жеңіп алды.

Денис Лебедевтің жылдам жеңісі

2016 жыл — ресейлік боксшы Денис Лебедев аргентиналық Виктор Рамиресті нокаутқа жіберіп, бірінші ауыр салмақтағы WBA және IBF әлем титулдарын біріктірді. Жекпе-жек 12 раундқа жоспарланғанымен, екінші раундта аяқталды. Сол қол апперкоттан кейін Рамирес теңселіп қалды, ал Лебедев қарсыласын төпелеген соққының астына алды. Ақыр соңында оң қол хук соққысынан кейін Рамирес толықтай есеңгіреп, төреші кездесуді тоқтатуға мәжбүр болды.

Видео:

Аршавиннің «Қайраттағы» голдары

2016 жыл — Премьер-лиганың 12-туры аясында «Қайрат» өз алаңында «Оқжетпесті» 6:0 есебімен ойсырата жеңді. Бұл матчта Андрей Аршавин, Бауыржан Исламхан және Жерар Гоу қос голдан соқты.

Видео:

Бүгінгі күні дүниеге келгендер:

1996 жыл — Карен Хачанов, ресейлік теннисші, Ресейдің еңбек сіңірген спорт шебері. ATP турнирлерінің сегіз дүркін жеңімпазы (оның жетеуі жекелей сында), 2020 жылғы Олимпиада ойындарының жекелей сындағы күміс жүлдегері және Ресей құрамасымен бірге Дэвис кубогының иегері.

1994 жыл — Томас Дейли, британдық суға секіруші, Олимпиада чемпионы және бес дүркін Олимпиада жүлдегері. Төрт дүркін әлем және бес дүркін Еуропа чемпионы.

2000 жыл — Елхан Астанов, қазақстандық футболшы, «Астана» клубы мен Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы.

1991 жыл — Алексей Щеткин, танымал қазақстандық шабуылшы. «Астана», «Ордабасы», «Тобыл» және басқа да футбол клубтарда өнер көрсеткен.

«Қызыл сойқандардың» Мәскеудегі жеңісі, Аршавиннің «Қайраттағы» голдары: спорт тарихындағы 21-мамыр – sport-hub