Рауль Фернандес Ұлыбритания Гран-приін жеңіп алды

Каирбек Тулегенов ··
Фото: motogp.com

Фото: motogp.com

Англиядағы «Сильверстоун» автодромында MotoGP-дің 2026 жылғы маусымының 12-кезеңі Ұлыбритания Гран-приінің негізгі жарысы өтті.

Негізгі жарыстың қорытындысы бойынша испаниялық мотошабандоз Рауль Фернандес 39:45.930 нәтижесімен үздік атанды. Екінші болып оның отандасы Хорхе Мартин мәреге жетті (+2.538). Үздік үштікті италиялық Марко Бедзекки түйіндеді (+3.393).

Үш спортшы да «Трекхаус Априлья» командасының намысын қорғайды.

Келесі, 13-кезеңнің негізгі жарысы 30 тамыз күні Испаниядағы MotorLand Aragon трассасында өтеді.