«Реал» – «Интер» матчының бейнешолуы

Бекарыс Әлімхан··
Фото: ФК «Реал Мадрид»

Фото: ФК «Реал Мадрид»

Мадридтік «Реал» Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі алғашқы турда миландық «Интерді» 2:1 есебімен жеңді.

14-минутта Браим Диастың пасынан кейін Килиан Мбаппе есеп ашты. 23-минутта «Интердің» қақпашысы Хосеп Мартинестің қателігін тиімді пайдаланған Федерико Вальверде мадридтіктердің басымдығын еселеді. Ал 76-минутта Карлос Аугусто бір голдың есесін қайтарды.

«Интер» матч бойы допқа 64 пайыз иелік етіп, қақпаға жеті дәл соққы жасады. Ал «Реал» қақпаға сегіз рет дәл бағыттады. Мадридтік клубтың қақпашысы Тибо Куртуа алты сейв жасап, командасының жеңісін сақтап қалуына үлкен үлес қосты.

Айта кетейік, бұл кездесу Жозе Моуриньюдің «Реалға» оралғаннан кейінгі Чемпиондар лигасындағы алғашқы матчы болды. Қызығы, мадридтік клубтың қарсыласы 2010 жылы Моуриньюдің басшылығымен турнирде жеңіске жеткен «Интер» болды.

Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі екінші турда «Реал» 15 қазанда сырт алаңда «Ромамен» ойнайды. Ал «Интер» 14 қазанда өз алаңында «Брюггені» қабылдайды.

«Реал» – «Интер» матчының бейнешолуы – sport-hub