Басты бет
·
Футбол

«Реал Мадрид» «Севильяны» ірі есеппен жеңді

Каирбек Тулегенов ··
Фото: ФК «Реал Мадрид»

Фото: ФК «Реал Мадрид»

«Реал Мадрид» Испания чемпионатының 9-туры аясында өз алаңында «Севильяны» 4:1 есебімен жеңді.

Мадридтік клуб сапында Арда Гюлер есеп ашса, үзіліс алдында Килиан Мбаппе командасының басымдығын еселей түсті.

Екінші таймда Мбаппе пенальтиден гол соғып, дубль авторы атанды. Сондай-ақ «Реал» сапында Ян Диоманде мергендік танытты. Ал «Севильяның» жалғыз голын Мануэль Буэно соқты.

Осылайша, Жозе Моуринью шәкірттері 21 ұпаймен Испания чемпионатының турнирлік кестесінде үшінші орынға көтерілді. Ал 14 ұпай жинаған «Севилья» алтыншы сатыда тұр.

Испания чемпионаты. 2026/27 маусымы

Голдар: Гюлер, 30 (1:0), Мбаппе, 37 (2:0), Мбаппе, 63 (3:0, пенальти), Буэно, 80 (3:1), Диоманде, 82 (4:1).

Келесі турда «Реал Мадрид» «Барселонамен» кездеседі. «Эль-Класико» 26 қазанға қараған түні «Камп Ноу» стадионында өтеді. Ал «Севилья» 27 қазанда өз алаңында «Осасунаны» қабылдайды.