«Реал» президенттігіне үміткер кәсіпкер Клопп пен Холандты клубқа шақырғысы келеді

Фото: УЕФА
Флорентино Перестің басты бәсекелесі атанып жүрген испаниялық кәсіпкер Энрике Рикельме «Реалға» Юрген Клопп пен Эрлинг Холандты алып келуді жоспарлап отыр.
El Confidencial мәліметінше, 37 жастағы кәсіпкер мадридтік клубтың президенттік сайлауына қатысатын жағдайда деп өз жобасымен жұмыс істей бастаған.
Рикельменің командасы «Манчестер Сити» шабуылшысы Эрлинг Холандтың айналасындағы адамдармен байланысып, оның «Реалға» ауысу мүмкіндігін бағалаған. Айта кетейік, норвегиялық футболшының ағылшын клубымен келісімшарты 2034 жылға дейін жарамды.
Сонымен қатар Рикельме команданың бас бапкері ретінде «Ливерпульдің» бұрынғы жаттықтырушысы Юрген Клоппты көргісі келеді. Кәсіпкер қазіргі уақытта Red Bull футбол бағытының жаһандық директоры қызметін атқарып жүрген неміс маманның агенттерімен бірнеше кездесу өткізген.
Биылғы маусымда «Реал» Испания чемпионатында екінші орынға тұрақтады. Сондай-ақ мадридтік клуб Чемпиондар лигасында ширек финал кезеңінен әрі аса алмады.