«Реал» Ян Диомандтың трансфері бойынша келісімге келді

Фото: Getty Images
Мадридтің «Реалы» жазғы трансфер кезеңіндегі ең ірі келісімдердің бірін рәсімдеуге жақын.
Испаниялық грандтың жаңа ойыншысы ретінде қазір Германияның «РБ Лейпциг» клубында өнер көрсетіп жүрген футболшы Ян Диоманд қосылуы тиіс.
Белгілі инсайдер Фабрицио Романоның мәліметінше, клубтар трансфер шарттары бойынша толық келісімге келген. Келіссөздер 26 шілде жексенбі күні аяқталған, ал жас шабуылшының трансфер құны 100 млн еуродан асады.
Жақын күндері Диоманд медициналық тексерістен өту үшін Испания астанасына келеді деп күтілуде. Барлық рәсім сәтті өткен жағдайда, футболшы мадридтік клубпен 2031 жылдың жазына дейін есептелген ұзақ мерзімді келісімшартқа қол қояды.
«РБ Лейпциг» сапында шабуылшы нәтижелі маусым өткізді. Барлық турнирлерде 36 матчқа қатысып, 13 гол соғып, 10 нәтижелі пас берді. Ол неміс клубының ең көзге түскен ойыншыларының бірі болды.
Айта кетейік, Transfermarkt порталының бағалауынша, Диомандтың қазіргі нарықтық құны 90 млн еуроны құрайды.