Ресейде Рыбакинаның әлемнің бірінші ракеткасы атану мүмкіндігіне баға берілді

Фото: instagram/lenarybakina
Жұптық сында 2013 жылғы «Ролан Гаррос» чемпионы ресейлік теннисші Екатерина Макарова Қазақстан өкілі Елена Рыбакинаның топырақтағы «Үлкен дулыға» турнирінен кейін әлемнің бірінші ракеткасы атану мүмкіндігі туралы пікір білдірді.
Оның айтуынша, дәл топырақ төсенішінде мұндай нәтижеге жету өте қиын болады. Себебі бұл жабын түрі Рыбакинаның ойынына аса қолайлы емес және ол өзінің ең жоғары деңгейдегі теннисын дәл осы кортта көрсете бермейді.
«Мен онша сене қоймаймын, өйткені бұл мүмкіндік оның ең сүйікті жабынында туып тұрған жоқ. Ол бұл мақсатқа дұрыс дайындалып, оны жүзеге асыра алады деп нақты айта алмаймын», — деді Макарова «Чемпионат» тілшісіне берген сұхбатында.
2026 жылғы «Ролан Гаррос» турнирінің әйелдер арасындағы жекелей сыны 24 мамыр мен 6 маусым аралығында өтеді. Қазіргі чемпион — америкалық теннисші Кори Гауфф.
Биыл топырақтағы «Үлкен дулыға» турнирінің жалпы жүлде қоры 72 811 352 долларды (шамамен 34,05 млрд теңге) құрайды. Өткен жылмен салыстырғанда жалпы қор рекордтық 9 478 131 долларға (шамамен 4,43 млрд теңге) өсті.
Жекелей сындағы турнир жеңімпаздары 3 303 012 доллар (шамамен 1,55 млрд теңге) алады. Бұл — 2025 жылғы чемпион алған сыйақыдан 401 988 долларға (шамамен 188 млн теңге) көп. Ал финалистерге 1 651 506 доллар (шамамен 772,2 млн теңге) көлемінде сыйақы беріледі.