«Рингті сезіндім»: Төрехан Сабырхан Азия ойындарындағы алғашқы жекпе-жегі туралы айтты

Фото: Getty Images
Қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында ширек финалға жолдама алды.
70 келіге дейінгі салмақта сынға түскен қазақстандық боксшы үздіктердің сегіздігіне өту үшін катарлық Мохаммед Дбичимен кездесті. Сабырхан алғашқы минуттардан-ақ басымдық танытып, үш раундтың қорытындысы бойынша ұпай санымен сенімді жеңіске жетті.
Жекпе-жектен кейін Сабырхан кездесуден алған әсерімен бөлісіп, оны мерзімінен бұрын аяқтауға мүмкіндігі болғанын атап өтті.
«Өз өнеріме көңілім толады. Жекпе-жекті ертерек аяқтауға мүмкіндігім болды деп ойлаймын. Сонымен қатар бапкерлердің барлық нұсқауын орындап, рингті жақсы сезіндім», – деді боксшы.
Енді Төрехан ширек финалда жұдырықтасады. Оның келесі қарсыласы Ирак өкілі Али Аль-Саррай болады.
Ирактық боксшы ширек финалға жекпе-жекті толық өткізбей-ақ шықты. Оның бұған дейінгі қарсыласы үндістандық Сумит аяғынан жарақат алып, кездесуді жалғастыра алмаған.