Ризабек Айтмұхан UWW нұсқасы бойынша айдың үздік балуаны атанды

Бегасыл Амирбай ··
Фото: UWW

Фото: UWW

Қазақстандық еркін күрес шебері Ризабек Айтмұхан United World Wrestling (UWW) ұйымының нұсқасы бойынша мамыр айының үздік балуаны атанды.

Өткен айда қазақстандық спортшы Вьетнамда өткен жастар арасындағы Азия чемпионатында топ жарып, 125 келіге дейінгі салмақта алтын медаль жеңіп алған еді.

Айтмұхан чемпиондық жолында Өзбекстан өкілі Отабек Назирбоевты 11:1 есебімен, ал қырғызстандық Жагалан Будашаповты 14:4 есебімен жеңді. Финалда қазақстандық балуан үндістандық Лакиді 10:0 есебімен мерзімінен бұрын ұтып, Азия чемпионы атанды.

Сондай-ақ UWW мамыр айында грек-рим күресінің үздік балуаны ретінде армениялық Джанес Назарян танылды. Ал әйелдер күресінде бұл атақ америкалық Кайли Уэлкерге бұйырды.