Родри «Реалды» емес, «Барселонаны» таңдады

Бегасыл Амирбай ··
«Манчестер Сити» ФК

«Манчестер Сити» ФК

«Манчестер Сити» және Испания құрамасының жартылай қорғаушысы Родридің агенті Пабло Баркеро футболшының мадридтік «Реалға» өз таңдауын хабарлағанын айтты. Ол каталониялық «Барселонаға» ауысуды жөн көрген.

Баркероның сөзінше, испаниялық хавбек «Реал» басшылығына шешімін өзі жеткізуді ұйғарған. Себебі ол мадридтік клубқа құрметпен қарайды.

«Өздерін мінсіз ұстаған «Реалға» деген құрметім үшін Родри клубқа «Барселонаға» ауысу туралы шешім қабылдағанын хабарлады», – деді агент El Larguero эфирінде.

Родри «Манчестер Сити» сапында 2019 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Ол ағылшын клубына мадридтік «Атлетикодан» 70 миллион еуроға ауысқан. Өткен маусымда 30 жастағы жартылай қорғаушы барлық турнирде 30 матч өткізіп, бір гол соқты.

Сонымен қатар Родри 2026 жылғы әлем чемпионатының үздік ойыншысы атанды. Сол турнирдің финалында Испания құрамасы Аргентинаны қосымша уақытта 1:0 есебімен жеңіп, чемпион атанған еді.