Родридің «Барселонаға» ауысуы мүмкін трансфер құны белгілі болды

Али Асетов··
Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

«Манчестер Сити» жартылай қорғаушысы Родри мансабын Испания чемпионатында жалғастыруы мүмкін.

AS басылымының мәліметінше, каталониялық «Барселона» 30 жастағы хавбекті шамамен 60 миллион еуроға сатып алуды жоспарлап отыр.

Дереккөз мәліметіне сәйкес, испаниялық футболшы клубпен жеке келісімшарт талаптарын келісіп қойған. Келісім төрт жылға есептеледі деп күтілуде. Ойыншының жылдық табысы салыққа дейін шамамен 30 миллион еуроны құрайды.

Родри «Манчестер Сити» сапында 2019 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Ағылшын клубы оны мадридтік «Атлетикодан» 70 миллион еуроға сатып алған. Жартылай қорғаушының қазіргі келісімшарты 2027 жылдың жазына дейін жарамды.

Айта кетейік, Родри «Сити» құрамында команданың негізгі ойыншыларының біріне айналып, әлемдік деңгейде мойындалды. Испания құрамасы Аргентинаны қосымша уақытта 1:0 есебімен жеңіп, әлем чемпионатын жеңіп алғаннан кейін, Родри 2026 жылғы әлем чемпионатының үздік ойыншысы атанды.

Родридің «Барселонаға» ауысуы мүмкін трансфер құны белгілі болды – sport-hub