«Ролан Гарростың» барлық ширек финал жұптары анықталды

Бегасыл Амирбай ··
Фото: ATP

Фото: ATP

Франция ашық чемпионатының ерлер арасындағы жекелей сынында ширек финалға шыққан барлық теннисшілер белгілі болды.

Ширек финалдың соңғы жолдамасын италиялық Маттео Арнальди жеңіп алды. Ол бес сетке созылған матчта америкалық Фрэнсис Тиафоны жеңді. Келесі кезеңде Арнальди өзінің отандасы Маттео Берреттинимен шеберлік байқасады.

Турнирдің екінші нөмірлі қатысушысы Александр Зверев чемпиондық атақ үшін күресті жалғастырып, ширек финалда испаниялық Рафаэль Ходарға қарсы ойнамақ. Жартылай финал жолдамасы үшін тағы бір матчта канадалық Феликс Оже-Альяссим мен италиялық Флавио Коболли кездеседі. Ал төртінші ширек финалдық ойында чехиялық Якуб Меншик пен бразилиялық Жоао Фонсека сайысқа түседі.

«Ролан Гаррос» турнирінің ерлер арасындағы ширек финал матчтары 2 маусым күні өтеді.