«Рома» «Ториноны» жеңіп, Серия А-да көш бастады
Бөлісу

Фото: ФК «Рома»
«Рома» «Ториноны» 2:0 есебімен жеңіп, Серия А-дағы қатарынан төртінші жеңісіне қол жеткізді.
40-минутта қонақтар шабуылшысы Дониэлл Мален есеп ашты. Екінші таймға қосылған минуттарда Никколо Пизилли римдік команданың екінші голын соғып, матчтың соңғы нәтижесін белгіледі.
Джан Пьеро Гасперини шәкірттері чемпионаттың алғашқы төрт кездесуінің барлығында жеңіске жетті. «Рома» 12 ұпай жинап, Серия А турнир кестесінде көш бастады. Ал үш ұпайы бар «Торино» 14-орында тұр.
Келесі турда «Торино» 19 қыркүйекте сырт алаңда «Болоньямен» ойнаса, «Рома» сол күні өз алаңында миландық «Интерді» қабылдайды.