Басты бет
·
Футбол

Роналду Португалия құрамасынан өз бетінше кеткені үшін жазалануы мүмкін

Бекарыс Әлімхан··
Фото: x_@JacobsBen

Фото: x_@JacobsBen

Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду ұлттық команда орналасқан жерден кеткені үшін бір айдан алты айға дейін дисквалификациялануы мүмкін.

41 жастағы футболшы 30 қыркүйекте Данияға қарсы Ұлттар лигасындағы матч алдында жаттығу жиынынан кетіп қалған. Роналдудың нұсқасы бойынша, бұған бас бапкер Жорже Жезуштің онымен жасалған келісімді екі рет бұзуы себеп болған. Атап айтқанда, жаттықтырушы Норвегияға қарсы матчта не себепті алаңға шықпағанын көпшілік алдында түсіндіруге уәде берген, алайда мұны жасамаған. Жезуш мұндай келісім болғанын жоққа шығарды.

Португалия футбол федерациясының тәртіптік регламентіндегі 160-бапқа сәйкес, ұлттық құраманың жаттығуын, матчын немесе басқа да іс-шарасын дәлелді себепсіз тастап кеткен ойыншы бір айдан алты айға дейін шеттетіліп, €510-нан €1020-ға дейін айыппұл төлеуі мүмкін. Сонымен қатар мұндай әрекет тәртіптік кеңес түпкілікті шешім қабылдағанға дейін автоматты түрде уақытша шеттетуге әкеледі.

Еске салайық, Португалия Ұлттар лигасындағы төрт турдан кейін 12 ұпай жинап, А4 тобында бірінші орында тұр. Команда Даниядан алты ұпай алда келеді және ширек финалға шығатынына кепілдік берді. Қарашада португалиялықтар 14 қарашада өз алаңында Даниямен, ал 17 қарашада сырт алаңда Уэльспен кездеседі.