Рублев «Ролан Гарростың» төртінші айналымында жеңіліп қалды

Фото: Getty Images
Ресейлік теннисші Андрей Рублев «Ролан Гаррос»-2026 турнирінің ширек финалына шыға алмады. Төртінші кезеңде ол чехиялық Якуб Меншикке қарсы бес сетке созылған кездесуде жеңіліс тапты.
Кездесу 3 сағат 45 минутқа созылып, Меншиктің пайдасына 6:3, 7:6 (8:6), 4:6, 2:6, 6:3 есебімен аяқталды.
Матч барысында чех теннисшісі 12 рет эйс жасап, тоғыз мәрте қосар қателік жіберді. Сондай-ақ ол 18 брейк-пойнттың төртеуін сәтті пайдаланды. Ал Рублев болса сегіз рет эйс орындап, төрт мәрте қосар қателікке жол берді және 13 мүмкіндіктің бесеуінде брейк жасады.
Ширек финалда Якуб Меншик бразилиялық Жоао Фонсекамен кездеседі. Фонсека бұған дейін норвегиялық Каспер Руудты жарыс жолынан ығыстырған.
Францияның ашық чемпионатының жеңімпаздары 7 маусым күні Париждегі Ролан Гаррос корттарында анықталады.