Рыбакина Бад-Хомбургтегі WTA 500 турнирінде ойнайды

Айнат Қабидулла··
Фото: Corinne Dubreuil / FFT

Фото: Corinne Dubreuil / FFT

Елена Рыбакина Уимблдон алдындағы Германияның Бад-Хомбург қаласында өтетін WTA 500 санатындағы турнирге қатысады.

Жарыс 22–28 маусым аралығында өтеді. Қазақстандық теннисші қатысушылар тізіміндегі өзгерістерден кейін негізгі сеткаға тікелей жолдама алды. Бастапқыда Рыбакина тіркелген спортшылар қатарында болмаған, алайда америкалық Хейли Баптистің жарыстан бас тартуы қазақстандық спортшыға wild card-сыз турнирге қатысуға мүмкіндік берді.

Баптист «Ролан Гаррос» турниріндегі ойыны кезінде алған тізе жарақатына байланысты жарысты өткізіп алады.