Рыбакина мен Эала матчының бейнешолуы: филиппиналық теннисші сенсация жасады
Бөлісу

Фото: Jimmie48
Қазақстанның екінші ракеткасы Елена Рыбакина Берлинде өтіп жатқан WTA-500 санатындағы беделді турнирдегі жарысын аяқтады.
Ширек финал үшін матчта қазақстандық теннисші әлемдік рейтингте 35-орында тұрған Филиппин өкілі Александра Эала-ға есе жіберді. Кездесу екі сетте 7:5, 6:4 есебімен аяқталды. Теннисшілер кортта 1 сағат 33 минут өнер көрсетті.
Айта кетейік, жеңіліске қарамастан Рыбакина бұл кезеңге жеткені үшін 15 470 еуро сыйақы алып, рейтингке 60 ұпай қосты.
Матчтың бейнешолуын осы сілтеме арқылы көруге болады.