Рыбакина Нинбода қарсыласының бас тартуынан кейін ширек финалға шықты

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Қытайдың Нинбо қаласында өтіп жатқан WTA 500 санатындағы турнирді сәтті бастады.
Әлемдік рейтингтің көшбасшысы алғашқы матчта Өзбекстан өкілі, рейтингте 105-орында тұрған Полина Кудерметовамен кездесті.
Матч бірінші сет аяқталмай жатып тоқтатылды. Рыбакина 5:0 есебімен алға шыққаннан кейін Кудерметова кездесуді жалғастырудан бас тартты. Осылайша, қазақстандық теннисші кортта небәрі 33 минут өткізіп, ширек финалға жолдама алды.
Қытай, Нинбо. WTA 500. 1/8 финал
Елена Рыбакина (Қазақстан) – Полина Кудерметова (Өзбекстан) – 5:0 (бас тарту)
Рыбакинаның келесі қарсыласы польшалық Катажина Кава болады. Ол әлемдік рейтингте 128-орында тұр. Екінші айналымда Кава күтпеген жеңіске жетіп, әлемнің 14-ракеткасы, Токио Олимпиадасының чемпионы швейцариялық Белинда Бенчичті турнирден шығарды.
Айта кетейік, Нинбодағы WTA 500 турнирі 19-25 қазан аралығында өтеді.