Рыбакина US Open-2026 турнирінің бірінші аптасынан кейін басты фаворит мәртебесінен айырылды

Аружан Талғат··
Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

US Open-2026 турнирінің алғашқы аптасы аяқталғаннан кейін UTR Insights аналитикалық порталы әйелдер арасындағы жекелей сында жеңіске жету мүмкіндігін қайта бағалады. Турнир басталмас бұрын басты фаворит саналған Елена Рыбакина енді алтыншы орынға түсіп қалды.

Бұл ретте қазақстандық теннисшінің турнирді жеңу ықтималдығы өзгерген жоқ – 9%. Оның позициясының төмендеуіне бірнеше қарсыласының алғашқы кезеңдерден сәтті өтіп, көрсеткіштерін жақсартуы себеп болды.

Жаңартылған болжамда бірінші орынға Ига Швёнтек пен Кори Гауфф көтерілді. Екі теннисшінің де чемпион атану мүмкіндігі 14%-ға бағаланып отыр. Одан кейін Арина Соболенко мен Марта Костюк орналасқан – екеуінде де бұл көрсеткіш 10%.

9% көрсеткішке ие Рыбакина америкалық Джессика Пегуламен бірге келесі орынды бөлісіп тұр.

Турнир басталғанға дейін жағдай басқаша болған еді. Сол кезде Елена дәл осындай 9% көрсеткішпен UTR Insights болжамында бірінші орында тұрған. Алайда алғашқы аптадағы матчтардан кейін жағдай өзгерді: қарсыластарының жеңіске жету мүмкіндігі артып, Рыбакинаның көрсеткіші сол күйінде қалды.

Соған қарамастан қазақстандық теннисші титул үшін күресін жалғастырып, US Open-2026 турнирінің төртінші айналымына дейін жетті. Алғашқы үш кездесуінде ол бірде-бір сетте жеңілген жоқ.

1/8 финалда Рыбакина әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы Наоми Осакамен кездеседі. Жеңіске жеткен жағдайда Елена мансабында алғаш рет US Open турнирінің ширек финалына шығып, чемпиондық атақ үшін күресін жалғастырады. Сонымен қатар әлемдік рейтингтегі бірінші орынға талас мүмкіндігін де сақтап қалады.

Рыбакина US Open-2026 турнирінің бірінші аптасынан кейін басты фаворит мәртебесінен айырылды – sport-hub