Рыбакина US Open-2026 жеңісінен кейінгі мақсатын атады

Бекарыс Әлімхан··
Фото: Jimmie48

Фото: Jimmie48

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина жекелей сында «Үлкен дулығаның» төрт турнирінің барлығында жеңіске жетуді көздейтінін мәлімдеді.

Карьерлік «Үлкен дулығаға» қол жеткізу үшін қазақстандық теннисшіге «Ролан Гаррос» турнирінде жеңіске жету ғана қалды.

«Мен үшін бұл өте маңызды жетістік болар еді. Себебі әртүрлі жабындарда өтетін «Үлкен дулығаның» төрт турнирінің бәрінде жеңіске жету, орасан зор жетістік деп санаймын. Мұндай жетістікке қанша адам қол жеткізгенін білмеймін, бірақ иә, «Ролан Гаррос» менің келесі мақсатым. Командаммен бірге осыған қол жеткізуге тырысамыз. Алдағы бірнеше жылда осы мақсатқа жету үшін барлық бағыт бойынша жұмыс істейтін боламыз», - деді Рыбакина CBS Mornings бағдарламасына берген сұхбатында.

Еске салайық, Рыбакина алғаш рет US Open турнирінде жеңіске жетіп, 2022 жылғы «Уимблдон» мен 2026 жылғы Australian Open-дегі чемпиондық атақтарына тағы бір «Үлкен дулыға» жүлдесін қосты.

Қазақстандық теннисшінің «Ролан Гаррос» турниріндегі ең үздік нәтижесі 2021 және 2024 жылдардағы ширек финал.

Рыбакина US Open-2026 жеңісінен кейінгі мақсатын атады – sport-hub