Басты бет
·
Теннис

Рыбакинаның орнына қатысқан украиналық теннисші WTA қорытынды турнирін жеңіліспен бастады

Аружан Талғат··
Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

Украиналық теннисші Марта Костюк АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өтіп жатқан WTA-2026 қорытынды турниріндегі алғашқы кездесуінде жеңіліп қалды.

Костюк чехиялық Линда Носковамен кездесіп, 2:6, 4:6 есебімен ұтылды.

Носкова матчтың алғашқы минуттарынан-ақ басымдықты өз қолына алып, бірінші сетте қарсыласына небәрі екі гейм берді. Екінші партияда украиналық теннисші қарсылық көрсетуге тырысқанымен, ойын барысын өзгерте алмады. Нәтижесінде Чехия өкілі екі сетте жеңіске жетті.

WTA-2026 қорытынды турнирі. Топтық кезең

Марта Костюк (Украина) – Линда Носкова (Чехия) – 0:2 (2:6, 4:6).

Айта кетейік, Марта Костюк бастапқыда турнирдің негізгі қатысушылары қатарына енбеген. Ол Индиан-Уэллске бірінші қосалқы ойыншы ретінде келген болатын.

Алайда қазақстандық Елена Рыбакина денсаулығына байланысты жарыстан бас тартқаннан кейін украиналық теннисшіге мүмкіндік берілді.

Рыбакина бұл турнирде былтыр жеңіп алған чемпиондық атағын қорғауы керек еді. Бірақ денсаулығындағы мәселелерге байланысты топтық кезең басталмай жатып жарыстан шет қалды.

Енді Костюк топтық кезеңде америкалық Коко Гауфф пен Джессика Пегулаға қарсы ойнайды. Жартылай финалға шығу мүмкіндігін сақтау үшін оған қалған кездесулерде жеңіске жету маңызды.

Еске салайық, WTA қорытынды турнирі 8–15 қараша аралығында Индиан-Уэллсте өтеді. Жарысқа екі топқа бөлінген сегіз теннисші қатысады. Әр топтан үздік екі спортшы жартылай финалға жолдама алады.