Рюдигер «Реалмен» жаңа келісімге келді
Бөлісу

Фото: Sky Sports
Мадридтік «Реалдың» қорғаушысы Антонио Рюдигер клубпен келісімшартын 2027 жылдың жазына дейін ұзартты. Бұл туралы Sky Sport Germany хабарлады.
Дереккөз мәліметіне сенсек, жаңа келісім туралы ресми хабарлама клубтағы президенттік сайлау аяқталғаннан кейін жарияланады.
Рюдигер «Реал» сапына 2022 жылы келіп қосылған. Осы уақыт аралығында германиялық қорғаушы мадридтік клубпен бірге 182 матч өткізіп, сегіз гол соқты және төрт нәтижелі пас берді.
Transfermarkt порталының бағалауы бойынша, 33 жастағы футболшының нарықтық құны тоғыз миллион еуроны құрайды.
Өткен маусымда «Реал» Испания чемпионатында екінші орын алды. Мадридтік клуб чемпион атанған «Барселонадан» сегіз ұпайға қалып қойды.