«Сабах» Чемпиондар лигасында маңызды жеңіске жетті

«Сабах» ФК
Қазақстандық қақпашы Стас Покатилов Әзербайжанның «Сабах» клубы сапында сенімді өнерін жалғастырып келеді.
Чемпиондар лигасы екінші іріктеу кезеңінің алғашқы кездесуінде «Сабах» Масазырда өз алаңында Финляндияның «КуПС» клубын 1:0 есебімен жеңді. Матчтағы жалғыз гол бірінші таймға қосылған уақытта соғылды. Оның авторы – сербиялық жартылай қорғаушы Велько Симич.
Кездесудің басты қаһармандарының бірі Стас Покатилов болды. 33 жастағы қазақстандық қақпашы бірнеше қауіпті соққыны қайтарып, өз қақпасын голдан аман сақтады. Бұл оның биылғы еурокубок маусымындағы үшінші «құрғақ» матчы болды.
Чемпиондар лигасы. Екінші іріктеу кезеңі
«Сабах» – «КуПС» – 1:0
Гол: 45+1 – Велько Симич.
Бұған дейін Покатилов Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңінде Уэльстің «Нью-Сейнтс» клубына қарсы өткен екі матчқа да қатысқан. Ол кездесулерде «Сабах» 2:0 және 2:1 есебімен жеңіске жетіп, келесі кезеңге жолдама алған еді.
Енді қарымта кездесу 28 шілдеде Финляндияның Куопио қаласында өтеді. Бұл жұптың жеңімпазы келесі кезеңде Данияның «Орхус» және Польшаның «Лех» клубтары арасындағы текетіресте басым түскен командамен кездеседі.
Айта кетейік, «Сабах» өз тарихында алғаш рет Әзербайжан чемпионы атанып, Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіне жолдама алған болатын.