«Сабах» Покатиловтан «Хапоэльге» жеңіліп, Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі алғашқы матчта ұтылды

Али Асетов··
«Сабах» ФК

«Сабах» ФК

Әзербайжандық «Сабах» Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінің плей-офф раундындағы алғашқы матчта Израильдің Беэр-Шева қаласының «Хапоэль» командасынан жеңіліп қалды.

Кездесу Бухарестте өтіп, 2:1 есебімен аяқталды.

Матчтың алғашқы минуттарынан бастап «Сабах» құрамында Қазақстан ұлттық құрамасының қақпашысы Стас Покатилов алаңға шықты. Қазақстандық қақпашы командасын алаңға капитандық таңғышпен алып шықты.

Есеп алтыншы минутта ашылды. Сол қанаттан жасалған доп беруден кейін Велько Шимич әуедегі тартыста жеңіске жетіп, баспен дәл соққы жасап, допты қақпаға бағыттады.

Израильдік команда үзіліске аз қалғанда есепті теңестірді. 43-минутта Джавон Ист рикошеттен кейін допқа бірінші жетіп, Покатиловтың қақпасын дәл көздеді.

Екінші таймда «Хапоэль» шабуылын жалғастырып, бұрыштама добын орындағаннан кейін алға шықты. Игор Златанович мүмкіндікті сәтті пайдаланып, өз командасының екінші голын соқты.

Чемпиондар лигасы, іріктеу кезеңі

«Хапоэль» — «Сабах» — 2:1

Голдар: 6' — Шимич, 43' — Ист, 79' — Златанович

Еске сала кетейік, командалар арасындағы қарымта кездесу 25 тамызда Бакуде өтеді.