Самородов «Спартактың» қызығушылығы туралы қауесетке пікір білдірді
Бөлісу

«Ахмат» ФК
«Ахмат» клубы мен Қазақстан ұлттық құрамасының вингері Максим Самородов мәскеулік «Спартакқа» ауысуы мүмкін деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді.
Самородов Грозный клубының намысын 2024 жылдан бері қорғап келеді. Осы уақыт ішінде ол 67 матчқа қатысып, 13 гол соғып, 14 нәтижелі пас берген.
«Өздеріңіз айтып тұрғандай, әзірге бұл – қауесет. Бұдан басқа айтарым жоқ. Мен ештеңе білмеймін», – деді футболшы «Чемпионат» басылымына.
Өткен маусымда 24 жастағы вингер барлық турнирде 34 матч өткізіп, 5 гол соғып, 10 нәтижелі пастың авторы атанды.
Оның «Ахматпен» жасасқан келісімшарты 2028 жылдың жазына дейін жарамды. Transfermarkt мәліметінше, футболшының нарықтық құны 3 миллион еуроны құрайды.