Басты бет
·
Футбол

Самородовтың құны – 4 миллион, Зайнутдиновтікі – 2 миллион еуро. Transfermarkt РПЛ ойыншыларының бағасын жаңартты

Владимир Жарков ··
Фото: SportHub

Фото: SportHub

Қазақстандағы SPORTHUB-тың эксклюзивті серіктесі Transfermarkt Ресей Премьер-лигасында өнер көрсететін футболшылардың нарықтық құнын жаңартты.

Қазіргі таңда РПЛ-да бес қазақстандық футболшы ойнайды. Олар — Максим Самородов пен Ғалымжан Кенжебек («Ахмат»), Бақтиер Зайнутдинов («Динамо» Мәскеу), Ислам Чесноков («Крылья Советов») және Нұралы Әліп («Зенит»).

Самородовтың нарықтық құны бірден 1 миллион еуроға өсіп, 4 миллион еуроға жетті. Қазір ол Ресей Премьер-лигасындағы ең қымбат қазақстандық футболшы болып отыр.

Ал Зайнутдиновтың бағасы 500 мың еуроға төмендеп, 2 миллион еуроны құрады. Бұл Бақтиердің алаңға соңғы рет бір жылға жуық уақыт бұрын шығып, содан бері жарақатынан қалпына келіп жатқанын ескерсек, түсінікті жағдай.

Қазақстандық қалған үш футболшының нарықтық құны өзгерген жоқ. Нұралы Әліп — 2 миллион еуро, Ислам Чесноков — 1,2 миллион еуро, Ғалымжан Кенжебек — 600 мың еуро.