«Сандерлендтен» жеңілген «Челси» сенсациялық түрде еурокубоксыз қалды

Англия Премьер-лигасының соңғы, 38-турында «Сандерленд» өз алаңында «Челсиді» 2:1 есебімен жеңіп, лондондық клубты еурокубок жолдамасынан айырды.
Алаң иелеріне 25-минутта Трей Хьюм мен екінші таймда автогол соққан Мало Гюсто жеңіс голдарын сыйлады. «Челси» сапындағы жалғыз голды Коул Палмер соқты. Жартылай қорғаушы 56-минутта мергендігімен көзге түсті. Ал алты минуттан кейін лондондықтар Уэсли Фофананың алаңнан қуылуғанына байланысты азшылықта қалды.
Маусым қорытындысы бойынша «Сандерленд» 54 ұпай жинап, жетінші орынға ие болды және УЕФА Еуропа лигасына жолдама алды. Ал маусым барысындағы трансферлерге 339 миллион еуро жұмсаған «Челси» 52 ұпаймен тек оныншы орынға тұрақтады.
Чемпионат қорытындысында Чемпиондар лигасына «Арсенал», «Манчестер Сити», «Манчестер Юнайтед», «Астон Вилла» және «Ливерпуль» командалары жолдама алды.