«Сассуоло» матч соңында «Ювентустан» жеңісті жұлып алды

Каирбек Тулегенов ··
Фото: instagram.com/sassuolocalcio

Фото: instagram.com/sassuolocalcio

Италия чемпионатының 4-турында «Сассуоло» өз алаңында «Ювентусты» қабылдап, 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Есепті 65-минутта алаң иелері сапынан Себастьяно Эспозито ашты. «Қара-жасылдар» құрамында 89-минутта Кирон Боуи де гол соқты.

Ал «Ювентус» сапында Жегрова дубль авторы атанды. Ол 82 және 90+1 минуттарда гол соғып, есепті теңестірді. Алайда кездесудің соңғы минуттарында Василие Аджич 90+4-минутта «Сассуолоға» жеңіс сыйлаған голды соқты.

Екі команда да төрт турдан кейін жеті ұпайдан жинады. Турнир кестесінде «Ювентус» сегізінші, ал «Сассуоло» тоғызыншы орында тұр.

Серия А-ның келесі турында «Сассуоло» 18 қыркүйекте сырт алаңда «Монцамен» кездеседі. Ал туриндік клуб 20 қыркүйекте өз алаңында «Аталантаны» қабылдайды.