Сәтбаев – ең қымбат, Абраев – ең қарқынды прогреске жеткен

Фото: Transfermartkt
Transfermarkt порталы Қазақстан Премьер-лигасы футболшыларының нарықтық құнын жаңартты.
«Челси» сапына кетер алдында «Қайрат» шабуылшысы Дастан Сәтбаев ең қымбат ойыншы мәртебесін сақтап қалды. 17 жастағы шабуылшының бағасы бірден €500 мыңға өсіп, €3 млн-нан €3,5 млн-ға жетті.
Алайда нарықтық құны бойынша ең үлкен өсуді Сәтбаев емес, «Астана» клубының жас таланты Максат Абраев жасады. Ол €800 мыңға қымбаттап, бірден «миллионер» атанды. Сондай-ақ Жасұлан Әмір мен Темірлан Анарбековтің де бағасы айтарлықтай өсті.
Жалпы алғанда, ҚПЛ-дегі ең көп қымбаттаған он ойыншының басым бөлігі жеті футболшы – қазақстандықтар. Ал құны төмендеген ойыншылардың арасында керісінше, көбіне легионерлер.
ҚПЛ клубтарының жалпы құрам құны бойынша үздік үштік мынадай: «Қайрат» (€13,8 млн), «Ордабасы» (€10,5 млн), «Тобыл» (€9,58 млн).