Сатпаевқа EA FC 27-де жоғары рейтинг болжанып отыр

Фото: КФФ
Лондондық «Челси» клубының шабуылшысы Дастан Сатпаевқа EA FC 27 ойынында шамамен 72 рейтинг берілуі мүмкін.
Әзірге әзірлеушілер ресми бағаларды жариялаған жоқ, бірақ 17 жастағы футболшыға жаман емес бастапқы көрсеткіш пен жоғары потенциал берілетіні айтылып жүр.
Сатпаев қазір «Челсидің» маусым алдындағы дайындық кезеңінде жақсы ойынымен көзге түсіп жүр. Ол Хаби Алонсоның қарамағындағы командада жаттығып, жолдастық матчтарда алаңға шығып, тәжірибе жинап жатыр. Әсіресе, «Вестерн Сидней Уондерерсқа» қарсы ойындағы дебюттік голы жанкүйерлердің назарын аударды.
EA FC ойынында карьера режимінде тек қазіргі рейтинг емес, ойыншының потенциалы да маңызды. Сондықтан 72 рейтингтің өзі Сатпаевты жас ойыншыларды дамытуды ұнататын геймерлер үшін қызықты нұсқаға айналдыруы мүмкін. Жалпы, қазақстандық футболшының осындай деңгейде ойынға қосылуы отандық футбол үшін маңызды оқиға болмақ.