Сәтпаевтың «Бернлиі» Англия лигасы кубогінен пенальти сериясынан кейін ұшып кетті

«Бернли» ФК
«Брэдфорд Сити» Англия лигасы кубогінің екінші турында сенсация жасап, «Бернлиді» турнирден шығарды.
Чемпионшип өкілі үшінші дивизионда өнер көрсететін қарсыласын пенальти сериясында жеңе алмады.
«Вэлли Пэрейд» стадионында өткен матчтың негізгі 90 минуты голсыз аяқталды – 0:0. Жеңімпаз матчтан кейінгі пенальти сериясында анықталды. Бұл кезеңде алаң иелері дәлірек болып шықты. «Брэдфорд Сити» төрт пенальтиін де дәл орындаса, «Бернли» екі соққысын ғана сәтті орындады – 4:2.
Осылайша, «Брэдфорд Сити» турнирдің үшінші раундына жолдама алды, ал «Бернли» Англия лигасы кубогіндегі жолын екінші раундта аяқтады.
Англия лигасы кубогі – 1/32 финал
«Брэдфорд Сити» – «Бернли» – 0:0 (пенальти бойынша 4:2)
Дастан Сәтпаев алғаш рет «Бернлидің» негізгі құрамында ресми матчта алаңға шықты. 18 жастағы қазақстандық шабуылшы 80 минут ойнап, кейін оның орнына Якоб Бруун Ларсен шықты.
Flashscore статистикалық сервисінің бағалауы бойынша, Қазақстан құрамасы шабуылшысының ойынына 6,9 балл қойылды.
Еске салайық, Сәтпаев «Бернли» сапындағы дебютін бұған дейін чемпионатта өткізген. «Вест Бромвичке» қарсы кездесуде қазақстандық футболшы 57-минутта алаңға қосалқы құрамнан шықты. Матч қарсыластың 3:1 есебіндегі жеңісімен аяқталды.