Сауд Арабиясы құрамасының футболшысы төлқұжаты жоғалғандықтан ОЖЖ-ға кешікті

Фото: Marvin Ibo Guengoer - GES Sportfoto
Сауд Арабиясы құрамасының қорғаушысы Сауд Абдулхамид 2026 жылғы әлем чемпионаты алдындағы ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиынына уақытында келе алмады. Бұл туралы Сауд Арабиясы футбол федерациясының баспасөз қызметі әлеуметтік желіде хабарлады.
Сауд Арабиясы құрамасы қазір Эр-Риядта дайындық өткізіп жатыр. Абдулхамид Амстердамнан ұшып келуі керек болған. Ол Нидерланд астанасына үйлену тойға шақырту алып барған. Алайда Амстердамда белгісіз адамдар футболшының көлігін бұзып, жеке заттарын ұрлап кеткен. Ұрланған заттардың ішінде оның төлқұжаты да болған.
Сауд Арабиясы футбол федерациясы елдің Нидерландтағы елшілігімен бірге мәселені шешіп жатыр. Тараптар футболшыны қысқа мерзімде қажетті құжаттармен қамтамасыз етуге тырысады.
26 жастағы Абдулхамидтің трансферлік құқығы италиялық «Рома» клубына тиесілі. 2025 жылдан бері ол франциялық «Ланс» сапында жалға алу шартымен өнер көрсетіп жүр. Өткен маусымда Франция бірінші Лигасында қорғаушы 25 матч өткізіп, екі гол соқьы және төрт нәтижелі пас берді.
2026 жылғы әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Мексика және Канада елдерінде өтеді. Сауд Арабиясы командасы H тобында Испания, Кабо-Верде және Уругвай құрамаларымен ойнайды.