Сербиядағы тарихи UFC турнирінің барлық нәтижесі белгілі болды

Фото: Zuffa
Сербияның Белград қаласында UFC Fight Night 283 турнирі аяқталды. Бұл – UFC тарихында Сербия аумағында алғаш рет ұйымдастырылған кеш.
Кештің басты жекпе-жегінде жергілікті файтер Урош Медич америкалық Дэниел Родригесті бірінші раундтың небәрі 30-секундында техникалық нокаутпен жеңді.
Кештің қосалқы басты кездесуінде Навахо Стирлинг UFC-дің бұрынғы чемпионы Ян Блаховичті бірінші раундтың 2:56 минутында техникалық нокаутпен жеңіп шықты.
Турнирдің тағы бір маңызды оқиғасы – Александр Ракичтің ауыр салмақтағы дебюті болды. Сербиялық спортшы төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен Марцин Тыбурадан басым түсті.
Сонымен қатар Роберт Валентин, Гилберт Урбина, Ноа Гуньон, Тофиқ Мусаев, Майкл Оливейра, Богдан Град, Матеуш Ребецки, Нина Милошевич, Йован Лека және Стефани Лучиано қарсыластарын мерзімінен бұрын жеңді. Ал Борислав Николич Марк Вологдинді төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен ұтты.
Турнир қорытындысы бойынша «Кештің үздік өнері» бонустары Урош Медичке, Навахо Стирлингке, Гилберт Урбинаға және Нина Милошевичке табысталды.