Серена Уильямс кортқа оралғаннан кейінгі алғашқы турнирін аяқтады

Фото: WTA
23 дүркін «Үлкен дулыға» жеңімпазы, әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы, 44 жастағы америкалық теннисші Серена Уильямс жарыс жолын Лондонда өткен турнирде аяқтады.
Уильямс пен канадалық Виктория Мбоко жұбы Лондонда өткен WTA 500 санатындағы турнирдің ширек финалынан жарақатына байланысты бас тартты. Жарақат Мбоконың бұған дейін жекелей сында чехиялық Каролина Плишкова-ға қарсы ойында болған сәтсіз құлауынан кейін асқынған.
Алғашқы айналымда Серена Уильямс пен Мбоко АҚШ-тың Николь Меликар-Мартинес пен Аустралия өкілі Эрин Рутлифф жұбын 7:6 (7:2), 6:2 есебімен жеңген болатын.
Еске салайық, Уильямс соңғы рет 2022 жылы US Open турнирінде өнер көрсеткен еді. Келесі аптада америкалық спортшы Берлиндегі турнирдің жұптық сайысында да кортқа шығады.